2022 жылдың 16 ақпанында Азаматтық қорғаныс кафедрасында Көкшетау қаласының ювеналды полиция қызметкерлері аға лейтенант Нартазин Данияр Қанайұлы мен лейтенант Байдалы Әйгерім Амантайқызының шақыруымен 1, 2 курс оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Біз өз іс-әрекетімізге жауаптымыз» атты әңгіме өткізілді.
Осындай іс-шараны өткізудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу; құқық насихаттау; құқықтық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың өз іс-әрекеттерінің маңыздылығын түсінуін қалыптастыру және негізінен құқық бұзушылыққа әкелетін түсінік беру.
№2 ОК жастар ісі жөніндегі үйлестірушісі Байсарина М.С.