АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Қазан 2016 03:18

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай «XXI ғасырдың көшбасшысы» зияткерлік ойын өтті

2016 ж. 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай біздің колледжімізде «XXI ғасырдың көшбасшысы» зияткерлік ойын өтті. Ойынның мақсаты – ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары білім алушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Ойынға ЧС 12 А, ТЖ 11 А, НОО 12, ӨҚ 11 Б тобының командалары қатысты. Ойын 5 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – «Өзін-өзі таныстыру», екінші бөлім – «Бәйге», үшінші бөлім – «Өткір сұрақтар», төртінші бөлім «Казино» және бесінші бөлім «Полиглот» деп аталынды. Зияткерлік ойын барысында білім алушылар командасы берілген сұрақтарға жауап беру арқылы интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша ЧС 12 А тобының командасы 4 орынға, НОО 12 тобының командасы 3 орынға, ӨҚ 11 Б тобының командасы 2 орынға және ТЖ 11 А тобының командасы 1 орынға ие болды.

Артюхова Н.А., Халитова Ф.Р., Анафина А.К.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp