Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Көкшетау қаласының № 6 Мектеп – лицейінің ата-аналар жиналысына қатысты.
У.О. Тойлыбаева, А.Б. Бекназар және А.Ф. Герасимова ата-аналар жиналысында сөз сөйлеп, ата-аналарды мамандықтармен, материалдық-техникалық базамен және колледждің студенттік өмірімен таныстырды. Сондай-ақ, сөз сөйлеуге, қазіргі уақытта №4 Еркемай балабақшасында жұмыс істейтін, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының түлегі Осина Виолетта қатысты. Ол білім алғаннан кейін жұмысқа орналасу, колледждегі оқу жылдары және педагогикалық мамандықтың артықшылықтары туралы айтты.
Әңгімелесу барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға колледж оқытушылары тарапынан толық жауаптар алды.
Авторлар: Тойлыбаева У.О, Герасимова А.Ф. Бекназар А.Б.,