АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2016 10:48

ТЖ қорғау және Өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша қойылым көрсетілді

2016 жылдың 23-қыркүйегінде кәсіби бағдар жұмысы мақсатында Ақмола облысының қалалық және облыстық мектептерінің оқытушылары мен директорларына арналған «Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің» оқу-жаттығу кешенінде ТЖ қорғау және Өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша қойылым көрсетілді. Іс-шараға білім алушы  ТЖ-42с, ӨҚ-42с,ТЖ-32с топтары қатысып, өздерінің кәсіби-қолданбалы дайындықтарындағы тәжірибелік білімдерін көрсетті:

-          Қарауыл  «Дабыл» белгісі бойынша кезекшінің іс-әрекеті (әскери  киімді кию, өрт шыққан жерге тез арада жету, толық жауынгерлік қанат жаю берумен өрт сөндіргіш заттардың және жану ошағын жою, талдау конструкциялары);

-          3-қабаттан  өрт мұнараларының құтқару жібі арқылы құтқарылудың тәсілдері;

-          2-3 қабаттардағы оқу өрт мұнараларының терзелеріне шабуыл сатысымен көтерілу;

-          Оқу-әдістмелік кешеніндегі газ түтінінен қорғау қызметінде ғазды залалсыздандыру жұмыстары.

Іс-шараны дайындап оны өткізген ТЖ қорғау және Өрт қауіпсіздігі мамандықтары бойынша пәндер оқытушылары  Михайлова С.Н., Жакупова А.Ж.