АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 25 Қаңтар 2022 10:13

«Вакцинация – бұл маңызды» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат

2022 жылдың 24 қаңтарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Вакцинация – бұл маңызды» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.2022 жылдың 24 қаңтарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Вакцинация – бұл маңызды» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.Кураторлық сағаттың мақсаты біздің студенттерді вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру болды.Топ кураторлары АҚЖКК медициналық қызметкері Л.И. Ирлыковамен бірлесіп студенттерге аурудан қорғанудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы вакцинация екенін айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалармен таныстырылды. Студенттер кураторларды ерекше ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Өйткені, дәріс тақырыбы бүгінде өте өзекті. Осы іс-шараның арқасында балалар вакцинацияның қажеттілігі мен пайдасы, әлемде қандай вакциналардың бар екендігі туралы білді.Қазіргі заманғы медицинада белгілі жұқпалы ауруларды қорғаудың ең тиімді құралы - жұқпалы ауруларға жасанды иммунитет жасайтын вакцинация.