28 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында «Жайнар» клубының еріктілері, Көкшетау қаласының ЖРО-мен бірлесіп, көп балалы отбасыларды жаңа жылдық костюмдерде (Аяз Ата мен Ақшақар) құттықтады. Балалар өлең айтып, жаңа жылдық сыйлықтар алды.
30 желтоқсанда «Жайнар» клубының еріктілері, Көкшетау қаласының ЖРО-мен бірлесіп, «ШАНС» кәмелетке толмаған тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығының балаларын құттықтады. Аяз Ата, Ақшақар және Жолбарыс балалармен ойын ойнап, би биледі, содан кейін балалар көптен күткен сыйлықтарын алды.