Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Тіл дипломатиялық құрал, халықтың бүкіл сана – парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. «Қазақ атын танытсын әлемге, үш тұғыр тіл: қазақ, орыс, ағылшын» дегендей, Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған мерекенің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты: тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту. Сап түзеуде орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде өлең шұмақтар оқылды. Білім алушыларды Тілдер күніне арналған апталық жоспармен таныстырылды. Әкімшілік тарапынан тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Рахметова Р.З. құттықтау сөз сөйледі. Сап түзеу көрермендердің көңілінен шықты.
Усина С.С.