Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурызда қабылданған Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілген.
Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген. Осыған орай Азаматтық қорғаныс көпсалалалы колледжінің ЧС-12Г тобында отбасы күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатында отбасы ұғымын, оның құндылықтарын және отбасына деген махабатты қарастырдық. Жоғарыда аталған топ 1 курстың білім алушылары және еліміздің әр түрлі өңірлерін келгендіктен, өз отбасын сағынып, аңсап жүргені бәрімізге мәлім. Тәрбие сағатында әр білім алушы өзінің отбасысы туралы, оларды қаншалықты сағынып жүргенін, өздерінің отбасына деген махаббат сезімін бідірді. Еркелігімізді, аяқ шалынған, қателескен кездер қателігімізді түсініп кешіре білген кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы өмірдің жақсы жақтарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын ат-анамыз. Отбасында ең бастысы сыйластық, үлкенге деген құрмет.