Отбасы күні
Отбасы күні қарсаныңда ӨҚ 11 Б тобында «Отбасы - өмір аясы» атты кураторлық сағат өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты: отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты шаттық шеңбері атты тренингтен басталды. Тәрбие сағат барасында оқушылармен отбасы және отбасы құндылықтары туралы ой қозғадық. Сонымен қатар отбасы тақырыбы бойынша шағын мақал-мәтелдер сайысын өткізіп, олардың мәнін түсіндірді. «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар назарына «Адамгершілік» және «Сызат» атты бейнероликтер ұсынылды. Сабақтың соңында оқушылар «Отбасылық құндылықты ағашы» атты шығармашылық жұмысты орындады. Тәрбиелік сағат Мұзафар Әлімбаевтың «Ата-ананың үміті» атты өлеңімен аяқталды.
Анафина А.К