Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 2021 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағат зияткерлік ойыны ретінде өтті.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, ақыл-парасаты жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу, өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға баулу бұл іс-шараның басты мақсаттары.
Аталған ойынға келесі топтар қатысты: ТЖ-11В, ТЖ-11Г, ПБ-12Б, ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б.
Ойын 4 кезеңнен тұрды:
- Тәуелсіздік күнімен байланыстыра отыра, әр топтың өзін - өзі таныстыруы;
- «Кім жылдам?» кезеңі
- «Кім алғыр?» логикалық сұрақтарға жауап беруі
- Шығармашылық өнерлерін көрсетуі
Құзыретті қазылар алқасының шешімімен қатысушыларға келесідей орын берілді:
1-орын ӨҚ-11Б тобы
2-орын ПБ-12Б тобы
3-орын ӨҚ-11А тобы
4-орын ТЖ-11В тобы
Зияткерлік ойынды ұйымдастырушылар: Рамазанова Ү.К., Усина С.С. Жұпархан А., Иса Д.С., Амиртай С.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!