АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2016 09:04

«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясы

            «Дулат – бар ақындық қуатын ел – жұртының

санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға»

М.Әуезов

            16.09.2016 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау барысында «Дулат - азаттық ақыны» атты веб-конференцияға ӨҚ 11 Б тобының оқушылары қатысты.

            Веб – конференцияның мақсаты XIX ғ. алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының маңыздылығын түсіндіре отырып, оқушы білімдерін тереңдету, толғаулар арқылы адамгершілікке, шынайлыққа, ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу және өмірдегі болатын әділетсіздікке өз тұжырымын жасай алатындықтарын үйрету.

            Веб - конференция барысында республикамыздың бірнеше қалалары байланысқа шығып, оқырмандар арасында байланыс жасалынды. Оқырмандар байланысқа шығып,  Дулат Бабатайұлы туралы терең және мағыналы ой ортаға салды, сонымен қатар Дулат бабамыздың өлеңдерін жатқа оқыды. ӨҚ 11 Б тобының оқушысы Жолдаңғар Айбар Дулат бабамыздың «Сауыр жерден айрылып» атты өлеңді оқыды.

Анафина А.К.