2021 жылдың 3 желтоқсанында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «Талап» мекемесінің ұйымдастыруымен «Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің даму факторы ретінде» атты республикалық семинар-практикум өткізілді. Ақмола облысы қатысушылардың қатарында «IT-технологиялар» бағыты бойынша семинардың тәжірибелік отырысына IT жөніндегі директордың орынбасары Д.Х.Альжанова қатысты.
Семинар заманауи оқу-өндірістік технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңыздылығын көрсету және мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.