1 қыркүек «Білім күні» еліміздің барлық білім мекемелері үшін ең маңызды күн болып табылады. Биылғы 2016-2017 оқу жылында біздің Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі де білімге құштар жас өрендер 1 курс білім алушылары үшін есігін айқара ашып, салтанатты жиын өткізді. Білім күніне «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбы арқау болса, еліміздің ширек ғасырлық 25 жылдық мерейтойы аталған күнді барынша ерекшеледі деуге болады.
Салтанатты жиын бірінші рет колледж табалдырығын атттаған студенттер үшін Облыстық филормония залында арнайы ұйымдастырылып, өткізілді. Жиынның арнайы қонақтары колледж президенті техника ғылымдарының докторы Қасым Шоқан Жанатұлы мен вице-президенті ұлағатты ұстаз Қасымова Гүлнәр Сейтенқызы білім алушылар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар колледждің вице президенті Кривошеев Валерии Павлович пен атқарушы директор Қасым Жаннет Жанатқызы колледждің білім мен тәрбие берудегі ерекшелігі мен оқытушы мұғалімдер құрамының сапалық деңгейінің ілгері тұрғанын атап өтті. Өз кезегінде сөз алған колледж директоры Тюлебаев Аскер Жамантайұлы мен орынбасарлары колледжге түсіп, грант иегері атанған білім алушыларды таныстырып, жаңа оқу жылының табысты болуына тілектестіктерін білдірді.
Салтанатты жиынның сахнасында құттықтаудан бөлек би ансамблінің орындауында мың бұралған билер мен әншілердің орындауында әсем әндер қонақтар мен білім алушылардың мерекелік көңіл күйін көтерді. Салтанатты жиын соңында ата-аналар атынан колледж әкімшілігі мен ұстаздар ұжымына алғыс айтылып, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Ізгі тілектер мен әсем ән-күйге толы жиын колледж қабырғасындағы «Мен өз Отанымның патриотымен» тақырыбындағы кураторлық сағаттарымен жалғасын тапты.