2021 жылғы 30 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Атамұра" зияткерлік ойыны және мерекелік концерт өтті.
Зияткерлік ойын ұйымдастырушысы - Көкшетау қаласының Жастар Ресурстық Орталығының қолдауымен, АҚЖКК "Жас Отан" ЖҚ.
Колледж директоры Төлебаев Әскербек Жамантайұлы ойын жеңімпаздарын марапаттап, құрмет грамоталарын тапсырды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршанызды шын жүректен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды! Біз сіздерге бақыт, денсаулық және амандық тілейміз.