2021 жылдың 26 қарашасында оқытушылар Р.А. Сәрсенбаева мен Р.З. Рахметова «Жалпы білім беру және педагогикалық пәндер» кафедрасының педагогтарына «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Өткен іс-шарада қажетті құзыреттерді қалыптастыру, жетілдіру және дамыту бойынша заманауи әдістемелерді, технологияларды, нысаналарды, әдістерді, тәсілдерді қолдану талқыланды. Сондай-ақ оқытушылар жаңартылған бағдарлама бойынша сабақты жоспарлаудың ұйымдастырушылық бөлімінің түрі туралы айтып берді.