АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 08:30

«Оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында мастер-класс

22-26 қараша аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық пәндер кафедрасында «Оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында мастер-класс өтті.
Мастер-классқа келесі оқытушылар қатысты: Нурсеитова Р.З., Касымов М.Ж., Дашковская Е.В., Жадрина Н.К., Мадеев Ж.Д., Ибраева Г.Е., Жұпархан А., Ахметова А.А., Попович И.В., Бейсенбаева Г.А.
Қазіргі заманғы технологияларды оқу процесінде қолдану тәжірибесімен жас оқытушылар мен тәжірибесі бар оқытушылар арасында алмасу болды, өзекті тақырыпты белсенді талқылау және туындаған даулы сәттерге дискуссия жүргізілді. Мастер-класс қорытындысы бойынша Білім беру бағдарламасының сапасын жақсарту үшін оқу процесінде заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану ұсынымдарының жинағы шығарылады.