2021 жылдың 19 қарашасында, АҚЖКК 2 корпусында, «ТЖ қорғау» мамандығының ЧС-42 А тобында «Экономика объектілерінің орнықтылық түсінігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Экономика объектілерінің орнықтылығы түсінігін зерттеу.
Студенттерге берілген тапсырмалар: 1) WORDWALL бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары, онда викториналарға жауап берілді; 2) Әр кілт сөзді оның анықтамасына сәйкестендіру қажет болды.
Келесі ойын бойынша студенттер 2 кіші топқа бөлінді, онда команда капитаны қарама-қарсы команданың қимылдары мен сұрақтары бойынша геологиялық және геофизикалық құбылыстарды шешу керек еді.
Сабақ өте қызықты және танымды өтті.
Кайникенова Айгуль Балташевна