19 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті атағына ие болу дәстүрлі Рәсімі өтті. Салтанатты бөлім колледж директоры Түлебаев Әскербек Жамантайұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова Үміт Қайыргелдіқызының құттықтау сөздерінен басталды, олар барлық бірінші курс студенттерін АҚЖКК-дегі жаңа өмір кезеңінің басталуымен құттықтады.
Студент атағына ие болу - бұл бірінші курс студенттерін бір-бірімен таныстыру, студенттік жағдайға бейімделу және ұжымды біріктіру үшін құрылған жыл сайынғы іс-шара.
4 курс түлегі Мусина Маржан Білім кілтін бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық студенттер мерекелік би кешіне шақырылды.
Бірінші курс студенттерін АҚЖКК студенті атағына ие болуымен құттықтаймыз және колледжде жемісті де бақытқа толы жылдар өткізуге тілектеспіз! Біздің үлкен және тату отбасымызға қош келдіңіздер!