АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 18 Қараша 2021 08:56

«Құтқару және өз-өзін құтқару құралдары» тақырыбында шеберлік сабағы

17.11.2021 ж, күні Кәсіби қолданбалы дайындық пәні бойынша Құтқару және өз-өзін құтқару құралдары тақырыбында АҚЖКК-нің ОӨСБ-де, ТЖ-41 А тобында шеберлік сабағы өткізілді. Сабақ өткізудегі негізгі мақсат - құтқару және өз-өзін құтқару құралдарымен жұмыс кезінде білім алушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру, құтқару және өзін-өзі құтқару әдіс-тәсілдерінің орындалуын үйрету. Апаттық-құтқару арқанын дұрыс қолдану және байлау арқылы зардап шегушіге кигізіп, жоғарыдан төмен немесе керісінше көтеру әдістері кезіндегі жұмыс біліктілігін арттыру, және нормативтік жұмыстар негізінде жетілдіру.

Оқытушы: Аяған Аян Қаныбекұлы