2021 жылдың 2-6 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ІІ Республикалық Мұғалімдер Спартакиадасы өтті.
Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" болып табылады.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы Мерген Қоқанұлы Ақмола облысы құрамасының құрамында шағын футболдан 3-ші орын алды.
Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!