2021 жылдың 29 қазанында АҚЖКК студенттері «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының облыстық слетіне қатысты.
Ұйымдастырушы бұл Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті.
Команда құрамына «Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры» мамандығының НО-32с тобының студенттері кірді:
1. Бура Елена;
2. Иванюк Вероника;
3. Хамзина Айнаш;
4. Носова Алина;
5. Попроцкая Екатерина.
Студенттер арасында азаматшылық пен парасаттылықты қалыптастыру іс-шараның басымдығы болды. Байқау үш бөлімнен тұрды: «Саналы ұрпақ» клубтарының визиткасының таныстырылымы, зияткерлік-танымдық викторина, сондай-ақ баяндамалар мен презентациялар ұсыну форматында колледж оқушылары арасында парасаттылықты қалыптастыру бойынша «Адал бол» жобаларын көрсету. Слет қорытындысы бойынша АҚЖКК командасы 1 орынды иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының студенттерін және мұғалімдерін жеңісімен құттықтаймыз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 30 Қазан 2021 05:52