Ақтау қаласында өткен VII Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында үстел теннисінен Ақмола облысының әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Біздің әріптесіміз, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кадрлар бөлімінің бастығы Айгүл Қожахметова команда құрамында болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, мансапта да, күнделікті өмірде де үлкен табыстар тілейміз!