АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 11 Қазан 2021 08:26

«ТжКБ ұйымдарының жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына көшуін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында онлайн-семинар

«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігімен «Talap» КЕАҚ ТжКОБ Мазмұн басқармасының қызметкерлерімен 2021 жылғы 08 қазан күні «ТжКБ ұйымдарының жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына көшуін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Онлайн-семинарға Оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы ТжКОБ жүйесінің жиырма алты колледжі директорларының оқу, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты. 

Осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдаланылған сындарлы диалог форматы екі тарапта да оң қабылданды. Бұл оқытудың кредиттік-модульдік нысанына көшу кезінде оқу үдерісін ұйымдастыруда туындайтын мәселелер мен сұрақтарды тиімді шешуге ықпал етеді.

Румянцев Ю.В.