2021 жылғы 24 қыркүйек күні «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастығы нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігінің басшылығы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне сапармен келді.
Осы кездесу барысында колледж қонақтары колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқытушылар құрамымен және колледж қызметкерлерімен танысты, колледж студенттерімен оқу ортасында кездесті, сондай-ақ өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Бұл кездесу үшін Педагогикалық шеберлік орталығы арнайы бағдарлама дайындады, оның барысында колледж студенттері кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Айта кетейік, колледжде педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы өз жұмысын сәтті орындайды. Кафедра кең спектрлі жоғары білікті мамандарды даярлайды.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021 11:59