Қазақстанда қалыптасқан инновациялық еңбек нарығы кәсіптік білім беру жүйесіндегі дәстүрлі тәсілдерді қайта қарау қажеттігін талап етеді. Дуалды оқыту, еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің болашақ маманның табысты кәсіби және әлеуметтік бейімделуі бойынша тығыз өзара іс-қимылының нәтижесі болып табылады. Оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде білім алушы өндірістік процеске кәсіпорынның қызметкері ретінде қосылады, ол функционалдық міндеттеріне сәйкес бөлінген ресурстарды басқарады, лауазымдық жауапкершілік алады, кәсіби дағдыларды игереді. Дуалды жүйе оған қатысатын барлық тараптардың - кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім алушылардың, мемлекеттің мүдделеріне жауап береді: кәсіпорын үшін - бұл өзіне кадрлар даярлау, қызметкерлерді іздеу мен іріктеуге, оларды қайта оқыту мен бейімдеуге көзделген шығыстарды қысқарту мүмкіндігі. Білім алушылар үшін - бұл бітірушілерді нақты өндірістік жағдайларға бейімдеу және оқуды аяқтағаннан кейін мамандық бойынша табысты жұмысқа орналасудың жоғары ықтималдығы. Бүкіл экономика үшін білікті кадрлар даярлау мақсатын тиімді шешетін мемлекет те ұтыста қалады.
«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде» дуалды оқыту жүйесін енгізу 2017 жылы «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 113 оқушысын қамтумен басталды. Қазіргі уақытта дуалды оқытумен «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша 753 оқушы қамтылған. «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде» дуалды оқыту оқу орнындағы теориялық оқытуды (Оқу уақытының 40%) және өндірістік кәсіпорындағы практикалық оқытуды (Оқу уақытының 60%) үйлестіреді.
Дуалды оқытуды енгізуге және өткізуге дайындықтың бірінші кезеңінде колледжде келесі жұмыстар атқарылды:
- дуалды оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік құжаттама әзірленді;
- колледж-студент-қала және облыс ұйымдары форматында дуалды оқытудың үш жақты шарттары жасалды;
- дуалды оқытудың жекелеген түрлерін өткізу үшін қосымша ұйымдар мен кәсіпорындар айқындалды;
- мамандық бойынша дуалды оқыту Бағдарламалары, мамандық бойынша оқу жоспары, дуалды оқытудың жоспар-кестелері әзірленді, олар базалық ұйымдармен келісілді;
- кәсіптік практикаға және оқу-өндірістік оқытуға басшылық ету үшін оқу топтарына дуалды оқытудың әлеуметтік әріптестерінен өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар, тәлімгер мамандар бекітілді.
Екінші кезеңде – дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде, бекітілген кестеге сәйкес 2-4 курс студенттерін дуалды оқыту Жұмыс берушінің базасында практикалық сабақтар мен практиканың әртүрлі түрлерін өткізу арқылы жүзеге асырылды. Практика түрі аяқталғаннан кейін сараланған сынақтар жүргізілді. Практика нәтижелерін қорғау емтиханның (біліктілік) құрамдас бөлігіне айналды. Әлеуметтік серіктестер емтихандарға (біліктілік), мамандық бойынша біліктілік бере отырып, мемлекеттік қорытынды аттестаттауға комиссия мүшелері ретінде қатысу арқылы мамандарды даярлау сапасын бағалауға белсенді қатысты.
Дуалды оқыту жүйесіне көшу: біріншіден, теориялық даярлық деңгейін сақтай отырып, оқу процесінің практикалық құрамдасын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді; екіншіден, еңбек қызметіне толық дайын мамандарды даярлау міндетін шешуге көмектесті; үшіншіден, еңбек нарығында түлектердің кәсіби ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырды; төртіншіден, ұйым мен кәсіби білім беру арасындағы байланысты нығайтты. Дуалды оқыту жүйесінің арқасында өндірістің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың нақты тиімділігі пайда болады. Осылайша, біз үшжақты әріптестіктің жаңа деңгейі - бизнестің, жас адамның және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге шығу мүмкіндігіне ие болдық.
«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» директоры Тюлебаев А.Ж.