АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Маусым 2021 11:10

«Қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи технологияларды қолдану» тақырыбындағы облыстық вебинар

11.06.2021 ж. күні сағат 15.00-де  «Қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында жалпы білім беру пәндері оқытуышаларының әдістемелік бірлестігінің облыстық вебинары өтті.

      Вебинар ZooM платформасы арқылы біздің колледжіміздің басшылығымен ұйымдастырылып, екі кезеңге жоспарланды. Бірінші кезең пленарлық бөлімді ОББ ООӘК бөлім жетекшісі Сералина Сауле Салимжановна ашып берді,ОББ ООӘК директоры Курмангалиева Л.С.оқытушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, вебинарға қатысушыларға сәттілік тіледі, сонымен қатар колледжіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Рамазанова Умут Каиргельдиновна «Қашықтықтан оқыту: білім берудің жаңа міндеттері» туралы баяндама оқыды.                Екінші кезең, практикалық бөлімде қашықтан оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері, оқу платформаларын қолданудың қыр-сыры, АКТ арқылы сабақты ұтымды ұйымдастыру төңірегіндегі тақырыптарда біздің колледжімізден 11 оқытушы, облыстың басқа да колледждерінен 14 оқытушы баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.            Вебинар жұмысына облыстың 32 коллеждінен 138 оқытушы қатысты. Қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелерін көтерген вебинар алдағы оқу жылына жаңа мақсаттар қойып, аяқталған оқу жылына қортынды жасады. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ОӘК төрайымы Тойлыбаева У.О. 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp