2021 жылдың 25 мамырынан 3 маусымына дейін Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша аралық аттестаттау басталды.
Оқу процесін ұйымдастыру колледж қызметінің барлық түрлерінің негізгісі болып табылады, ол практика мен теориялық оқытуға бөлінеді.
Оқу процесін ұйымдастырудың мақсаты білім алушыларға мамандық пәндерін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау және өз білімдерін практикада бекіту болып табылады.