2021 ж.31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ашық кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты кураторлар Сарсенбаева Р.А., Наенко А.Б., Данилова Н.В., Ибраева В.К., Куценко А.Д., Усина С.С., Дашковская Е.В. дайындап, өткізді.
Мақсаты: студенттерді отанымыздың тарихи өткенімен таныстыру, оқушыларды демократия, бостандық, жеке басының қадір-қасиеті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында студенттер Қазақстанға түрлі халықтардың өкілдерін депортациялау туралы айтты: 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасы, Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілі, қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар және басқа да халықтардың өкілдері. Осы жылдар ішінде барлығы 1 миллион 500 мың адам жер аударылды. Студенттер үлкен жанашырлық сезімімен қабылдаған кең материал дайындалды.
Наенко А.Б.