АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 25 Мамыр 2021 05:40

Мектеп оқушыларына экскурсия

21.05.2021 АҚЖКК-не Көкшетау қ. «№16 Жалпы білім беру мектебі» КММ оқушылары келді. Балаларды экскурсия барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды, колледж туралы ақпаратты және құжаттарды қабылдау туралы білді. Еркін әңгімелесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған тақырыптарға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Экскурсия қызықты, жемісті өтті, өйткені балалар тек ақпарат алып қана қоймай, жауынгерлік киімге, адамдарды өз қолдарымен құтқару құралдарына қол тигізіп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көз жеткізе алды.