АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 24 Мамыр 2021 05:28

Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовке 85 жыл

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде биыл 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан қазақстандық ақын, тілтанушы, қоғам және саясат қайраткері Олжас Сүлейменовке арналған кураторлық сағат өтті. Ол - әлемдік деңгейдегі тұлға, ұлттың мақтанышына айналған ұлы ақын. Кураторлық сағат барысында кураторлар студенттерге Олжас Сүлейменовтың ғарышқа алғашқы адам сияқты поэтикалық орбитаға тез енгені туралы айтты. Сол кезде «Казахстанская правда» газетінің аз ғана белгілі тілшісі «Адамға табын, Жер, енді!» бірінші ғарышкер Юрий Гагариннің ұшуы туралы поэмасын жазып оқырман көпшіліктің алғысына ие болды.

Кураторлық сағат Олжас Сүлейменовтің жеке басына деген қызығушылықты арттыру, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу рухында өтті.