АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 20 Мамыр 2021 03:25

«Математика» пәні бойынша ашық сабақ

2021 жылдың мамырдың 19-і қашықтан оқыту жүйесінде, ZOOM платформасы арқылы, ТЖ-11Е тобында «Математика» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Векторлар арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі».

Сабақ мақсаты: білім алушыларға векторлардың скаляр көбейтіндісі туралы түсінік беру, оған байланысты есептерді шығаруға үйрету; физикада, механикада векторлардың скаляр көбейтіндісін қолдану туралы айту; есептерді шешуде векторлардың скаляр көбейтіндісін қолдануды көрсету; оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Ашық сабақтың тәрбиелік мәні: ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Білім алушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақ жоспарында барлық негізгі кезеңдер бар: ұйымдастыру сәті, үй тапсырмасын тексеру, білімді практикада қолдану, білімді бақылау, сабақтың нәтижесі, рефлексия.

Ашық сабақ барысында презентациялар, бейне материалдар, иллюстрациялар, үлестірме карточкалар қолданылды. Сабақта білім алушылар белсенді қатысып, пікірталас түрінде сұрақтар қойып, жауап берді.

Сабақ өз мақсатына жетті.

Сабақты жалпы білім беретін пәндер кафедрасының математика пәнінен, бірінші санатты, оқытушысы Алпысбаева Роза Калымовна өткізді.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp