Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан ең ізгі және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлт тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажет достық, түсіністік және келісім мерекесі.
Мереке қарсаңында 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында ашық кураторлық сағаттар жоспары шеңберінде кураторлар Данилова Н.В., Сарсенбаева Р.А., Жұпархан А., Есмагулова А.Б., Алесксеева С.Э., Дашковская Е.В. және Есмагулова А.Б. ТЖ-12Г, ПБ-12А, ТЖ-12А, ТЖ-11Г, ТЖ-11Б және ПБ-12С топтарының студенттерімен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кураторлық сағаттар өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты - студенттердің патриоттық тәрбиесін және қазіргі жастардың азаматтық пен руханиятқа саналы көзқарасын жетілдіру. Кураторлық сағаттар арқылы студенттерді басқа ұлттардың дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге үйрету де маңызды мақсат. Өйткені олар бір халықтың - бір елдің, Қазақстанның балалары.
Кураторлық сағаттар өте танымды өтті, кураторлар «Армяндар, башқұрттар, белорустар, кәрістер, орыстар және сығандар сияқты ұлттардың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, көрнекі орындары мен тағамдары туралы» презентациялар дайындады.
Наенко А.Б.