2021 жылдың 22 сәуірінде «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының «Отан бірлігі» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
Күн тәртібі бойынша «Отан бірлігі» БПҰ төрағасы, АҚЖКК директоры Түлебаев Әскербек Жамантайұлы бастауыш партия ұйымының жұмысы және «Nur Otan» партиясының Сайлауалды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасынан туындайтын міндеттер туралы есеппен сөз сөйледі.
Партияның Көкшетау аумақтық филиалы мен Бастауыш партия ұйымы бюросының есеп беру-сайлау ХХХІІ партия конференциясына делегаттар сайланды.