2021 жылдың 27 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің педагог-психологтары Куриленко Е.Е. және Бекбаева Ж.К. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің онлайн-семинарлары бойынша оқуды бастады. 27 сәуірде еліміздің 5 өңірінде өз жобасын іске асырып жатқан «BilimFoundation» ҚҚ тәжірибесін зерделеу бойынша онлайн-кеңес өткізілді.
Семинарларда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалармен және олардың ата-аналарымен жұмысты жоспарлауда педагог-психологтарға практикалық және әдістемелік ұсынымдар, тәжірибе алмасу, ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері, халықаралық тәжірибені зерделеу және т.б. ұсынылды.
Онлайн-жиналыста сөз сөйлеу тақырыптары:
1. Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу бағдарламасы
2. Суицидтің алдын алу практикасындағы кейс-әдіс
3. Психологиялық қолдау тобындағы жасөспірімдерді қалай қолдау керек
4. Бала үшін оңтайлы фактор ретінде жетілген қарым-қатынасқа ұмтылу