Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ЖББ-41 тобының білім алушылары Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі пәні бойынша «Витраж» жаңа техникасы тақырыбын өтті.
Сабақ мақсаты:
- Витраж техникасын модельдеу бойынша сәндік жұмысты құру туралы түсінік қалыптастыру.
- Шығармашылық және танымдық белсенділікті, әлемге және өнерге, тарихқа, мәдениетке адамгершілік – эстетикалық қатынасты тәрбиелеу.
- Шығармашылық қызығушылықты, танымдық белсенділікті, қиялды, көркем материалдармен жұмыс істеу дағдыларын, ассоциативті-бейнелі ойлауды дамытуды жалғастыру.
Студенттердің жеке нәтижелері:
Құндылық-эстетикалық салада - олар көркемдік талғамға ие болды және өнер туындыларын эстетикалық бағалауға, өздерінің және басқалардың шығармаларын өнегелік бағалауға мүмкіндік алды.
Танымдық салада - әлемді көркем тану қабілеті; алған білімдерін өзінің көркемдік-шығармашылық қызметінде қолдана білу.
Еңбек саласында - жұмыс үшін әртүрлі көркем материалдарды пайдалану дағдылары; витражға еліктейтін жұмыс жасау үшін көркемдік дағдыларды қолдануға деген ұмтылыс.
Бейсенбаева Г.А.