АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 09:28

«Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша ашық сабақ

2021 жылдың 20 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 корпусында ТЖ-11С тобында «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Мәтіндердің құрылымдық ұйымдастырылуының құрамы мен ерекшеліктері және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халықты қорғау».

Ашық сабақтың мақсаты: жалпы сөйлеу мәдениетін арттыру; болашақ практикалық іс-әрекет үшін қарым-қатынастың маңыздылығын көрсету; оқушылардың ауызша қарым-қатынас саласындағы білімдерін кеңейту; ТЖ түрлерін ажырата білу;

Ашық сабақтың тәрбиелік мәні - білім алушылардың пәнге және өз мамандығына қызығушылығын ояту; дербестік және тәртіптілік дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында білім алушылар мәтіннің құрамы мен оның түрлері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде халықты қорғау туралы білді.  Ашық сабақ барысында презентациялар, бейнематериалдар, иллюстрациялар, үлестірме карточкалар қолданылды. Сабақта оқушылар белсенді қатысып, пікірталас түрінде сұрақтар қойып, жауап берді, мәтіндер құрастырды, иллюстрация бойынша жұмыс жасады. Бейнероликтерді көргеннен кейін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы талқыланды. Сабақ соңында білім алушылармен алынған материалды жинақтап, келесі сабаққа Қазақстанда соңғы жылдары болған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы ақпарат жинау тапсырмасы берілді.

Оқушылар пәнге және өз мамандығына қызығушылық танытты.

Сабақты Азаматтық қорғау кафедрасының Кәсіби орыс тілі оқытушысы: Кокишева Анаргуль Кенесовна өткізді