АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021 04:46

Өрт сөндіру бөлімінде ашық практикалық сабақ

20.04.2021 ж. АҚЖКК Азаматтық қорғау кафедрасында ПБ-12С тобында өрт сөндіру бөлімінде ашық практикалық сабақ өткізілді.

Сабақтың бірінші кезеңі қауіпсіздік техникасымен танысу болды, студенттер қауіпсіздік туралы журналға қол қойды. Жауынгерлік киімді кию, түйіндерді байлау, зардап шегушіге кие отырып, қос құтқару ілмегін байлау қағидаларымен танысты.

Екінші кезеңде білім алушылар алдын ала екі командаға бөлініп, практикалық бөлімге кірісті. Студенттер құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін уақытқа киіп бәсекелесті, оларға 2 рет әрекет жасалды, ең жақсы нәтиже есептелді. ПБ-12С білім алушылары арасында ең үздік уақытты Тулкибай Мирас көрсетті.

Осыдан кейін балалар «құтқарылушыға» кигізе отырып, қос құтқару ілмегін байлауға кірісті. Бұл кезеңде балалар орындау техникасымен жұмыс істеді.

Соңғы кезең түйіндерді уақытқа байлау бәсекелстігі болды. Білім алушыларға 3 әрекет жасалды, ең жақсы уақыт есептелді. Ең жақсы уақытты оқушылар Жаңабаев Әділхан және Түлкібай Мирас көрсетті.

Өндірістік оқыту шебері Алексеева С.Э.