2021 жылдың 16 сәуірінде АҚЖКК Азаматтық қорғау кафедрасында ТЖ-11С тобында Техникалық механика негіздері пәні бойынша Беріліс механизмдері, Механикалық беріліс тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың бірінші кезеңінде өткен тақырыптарға «Kahoot» платформасы арқылы шолу жүргізілді.
Екінші кезеңде жаңа сабақтың мақсаты айқындалып, топтық жұмыс арқылы тақырыптың мәні ашылды. Студенттер берілген тақырыпшаларға байланысты мәліметтер жинап, өз жұмыстарын қорғап шықты.
Бұл әдіс студенттердің бірігіп жұмыс істеу қабілетін және ізденімпаздығын дамытады.
Топтық жұмыс кезінде келесі студенттер белсене қатысып, жан-жақтылығын көрсетті: Левкович А., Қали Ш., Исмаил Б., Сагидуллов Н.
Қорытындылау кезінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты меңгергендерін көрсетті.
Сабақ соңында өткен тақырыпты бекіту үшін үй жұмысы берілді, рефлексия өткізілді. Рефлексия барысында студенттердің меңгерген тұстары, қиыншылықтары анықталды. Студенттер сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді және ынтамен жұмыс істеді.
АҚ кафедрасының оқытушысы Касимов А.Р.