АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 11:56

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша ашық сабақ

2021 жылдың 15 Сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 корпусында ӨҚ-11С тобы, «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Радиациядан қорғайтын үңгірлер, жеке қорғаныс құралдары».

Ашық сабақтың мақсаты: тақырыпты ашу, білім алушыларға тақырыпты түсіндіру және еркін ойлау қабілетін дамыту.

Ашық сабақтың тәрбиелік мәні білім алушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылық таныту. Ашық сабақ барысында білім алушылар радиация ұғымын және радиацияның адам баласына қауіп туғызатының, алдын алу іс шаралары туралы білді. Ашық сабақ барысында презентация, видеоматериал, суреттер, таратылым карточкалар қолданылды. Екі топқа бөлініп қосымша сұрақтарға жауап берді. Білім алушыларға келесі сабаққа жаңа тақырыпты қайталау, мазмұндау тапсырмасы берілді. Білім алушыларға жалпы тақырып ұнады, пәнге деген қызығушылығын танытты.

Сабақты өткізген: Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы: Абдина Арайлым Алтынбековна