2021 жылғы 15 Сәуірде "Достар" МҮ-де Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары У.Б. Бейсембаевтың қатысуымен Чернобыль АЭС авариясын жоюдың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Бір жарым сағат бойы балалар мен қонақтар арасында қызықты диалог өтті. Жастар осы қасіретті апаттың куәгерлерімен бетпе-бет келді. Әр студент көптеген елдердің халықтарын бір бақытсыздықпен байланыстырған қайғылы қасіреттің сәттерін ұғынды.
Апаттың зардаптарын жоюшылар жұмыс барысындағы тәжірибесі туралы және неге олар жас жігіттер өз денсаулығын аямай көмек көрсеткені туралы бөлісті. Барлық ұсақ-түйекке дейін, бірінші ауыздан тыңдаушыларға жеткізілді.
Қонақтар жастар туралы өз пікірлерін және патриоттық сезіммен және өз Отанына деген махаббатымен ерекшеленетін өскелең ұрпаққа жылы лебіздерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 35 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде, сағат түнгі 1-де 23 минутта Чернобыль атом электр станциясының 4 энергоблогында әлемдік атом энергетикасы тарихындағы ең ірі апат орын алды. Біздің заманымыздың апаты көптеген адам құрбандықтарына, Украина, Беларусь, Ресей аумағының радиоактивті ластануына әкелді. Чернобыль атом электр станциясын жойған ядролық жарылыс көптеген елдердің халықтарын бір бақытсыздықпен байланыстырды.
Наенко А.Б.