АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016 18:05

АҚКК мен Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының (АҚХҰ) серіктестігі

АҚКК мен Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының (АҚХҰ) серіктестігі

    2016 жылдың 12 мамыры күні Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің (АҚКК) басшылығы Бішкек (Қырғызстан Республикасы) қаласындағы Азаматтық қорғаныс Халықаралық Ұйымының (АҚХҰ) Бас Ассамблеясының 22 сессиясына қатысты.

Қосылма мүшенің мәртебесін ұсыну рәсімі мен критерийлеріне сүйене отырып, АҚХҰ-ның Жарғысы мен Ішкі регламентіне сәйкес Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжіне АҚХҰ-ның қосылма мүшесі мәртебесі берілді.

    Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымы – қоғамды азаматтық қорғаныстың міндеттерімен тереңірек таныстыру және тұрғындарды, жекеменшік пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтерді насихаттау мақсатында азаматтық қорғаныс саласында маманданатын халықаралық үкіметаралық ұйым.

    АҚХҰ-ның міндеттері: азаматтық қорғаныстың ұлттық ұйымдары арасында байланыс орнату, тұрғындарды қорғау саласында зерттеу жүргізуге жағдай жасау, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және бейбіт замандағы табиғи апаттан туындаған төтенше жағдайларды болдырмау, дайын болу және әрекет жасау бойынша жұмсалатын күшті координациялау немесе шиеленіс болған жағдайда қару қолдану. 

Бүгінгі күні АҚХҰ-ның құрамына 56 мемлекет кіреді, соның ішінде, Қазақстан Республикасы да 1996 жылдан бері АҚХҰ-ның құрамында.

    2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының территориясында АҚХҰ-ның қамқорлығымен төмендегі тақырыптар бойынша аймақтық оқу курстарын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың шеңберінде АҚКК мен АҚХҰ-ның серіктестігі жүзеге асып келеді: «Басқару және төтенше жағдайдағы жетекшінің әрекеті». Соның ішінде, 2011-2013 жылдар аралығында Орал, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау және Астанадағы Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны, «Altyntau Kokshetau» ЖШС алтын шығаратын фабрикасы сияқты мұнай газ секторы, тау-кен рудасы, энергетикалық сала нысандарында оқу курстары жүргізілген болатын. 

   Жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде, 2014 жылы АҚХҰ АҚКК-ге оқу апаттан құтқару құрал-жабдықтары, сонымен бірге, практикалық сабақтарды өткізу барысында тыңдармандарға арналған жеке қорғаныс құралдары түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. 

АҚКК-нің АҚХҰ-ның қосылма мүшесі мәртебесіндегі халықаралық байланыстарын ары қарай кеңейту бейінді оқу орнының әлеуетін нығайтуға түрткі болады, сонымен бірге, АҚХҰ-ның қолдауымен халықаралық аймақтық курстарда апаттақ құтқару қызметтері мен азаматтық тұрғындардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша мүмкіндіктерді арттыруға жағдай жасайды.