АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 09:27

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan-2021» өңірлік чемпионатында 3 орынмен құттықтаймыз

6-7 сәуірде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan – 2021» өңірлік чемпионаты өтті.

Чемпионат 5 модульден тұрды:

Модуль 1. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» (біріктірілген)

Модуль 2. «Көркемдік-эстетикалық даму»

Модуль 3. Сәндік-қолданбалы өнер. Тәрбиешінің балалармен бірлесіп ұйымдастырылған іс-әрекетінде көрсету үшін сәндік сурет үлгісін жасау.

Модуль 4. «Құрастыру және робототехника». Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған робототехника сабақтарын әзірлеу және өткізу.

Module 5. Educational area"Health".

Development and conducting gymnastics with children of pre-school age.

Аймақтық чемпионатқа 5 команда қатысты: Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі, «Арна» жоғары колледжі, Қазақ гуманитарлық техникалық жоғары колледжі.

Біздің колледжді осы құзіретте 4 курс студенті Осина Виолетта таныстырды.  Конкурс қорытындысы бойынша Виолетта осы чемпионатта лайықты өнер көрсетті. Осина Виолеттаны 3 орынмен құттықтаймыз!

Автор: Герасимова А.Ф.