АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Мамыр 2016 08:18

Жеңіс күніне арналған «Екі жұлдыз» байқауы

     Көкшетау қаласы әкімдігі  жанындағы  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Достар» мәдениет сарайы ұйымдастыруымен Жеңіс Күніне арналған «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

     Мақсаттары  міндеттері:

-Отанға деген сүйіспеншіліктермен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеп,патриоттық сезімдерін қалыптастыру

-Әскери әндердің тарихы туралы қатысушыларға  кеңінен мәлім ету:

-Қазіргі уақытта өз әскери борыштарын өтеп жүрген сарбаздарымыз үшін құрметтеу сезімдерін дарыту. 

     Байқау шарттары:

-Байқауға вокалдық дуэттер қатысып,оған кіретіндер:бір өнер сүйюші,бір кәсіби орындаушы.

-Байқау тақырыбы ҰОС жылдарындағы әскери әндер.

     Осы байқауға  Көпсалалы  азаматтық қорғаныс  колледжі атынан оқытушы Бекахметова Жанерке Сайлаубекқызымен ЖББ-31 тобының студенті  Мұхатай Айгерім қатысты.

     Бұл байқауда Ә.Ботаевтің «Қос жұлдызы»әнін  нақышына келтіріп орындаумен жұртшылық қауымның көңілінен шыға білді.

    Байқау соңында  «Патриоттық сезімді ояту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, халықтық шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілген Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған, қалалық «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасына қатысқаны үшін» дипломмен  марапатталды.

     Бейсембаева.С.А.