АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 15 Наурыз 2021 14:34

«Наурыз мерекесі»

Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында, 2021 жылғы 15 наурызда ТЖ– 12Е тобының кураторы А.Д. Куценко «Наурыз мерекесі» тақырыбына викторинасының элементтерімен кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу; студенттердің танымдық қызметін жандандыру, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз - жаңа жылдың басы, көктемгі күн мен түннің теңесуі күнімен сәйкес келеді. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың белгісі болып табылады. Кураторлық сағат барысында балалар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы айтып, халық мақал-мәтелдерін еске алды. Ғасырлар қойнауынан бастау алатын Наурыз - қуанышты жаңа жылдық мереке.  Баршаңызға денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз. Биылғы жыл барлығына сәттілік әкелсін!

Куценко А.Д.