АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 09:44

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Индустриалды кеңесінің отырысы

Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін колледж алдында экономиканы салалық ерекшелігіне сәйкес техникалық, педагогикалық кәсіптердің тиімді кадрларымен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Колледжде сараптамалық және техникалық көмек көрсету бойынша Индустриялды кеңес құру қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Индустриялды кеңес құрудың негізгі мақсаты - әртүрлі өңірлерде еңбек нарығына, ұлттық экономикаға сәйкес жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында дуальді оқытуды, модульдік-құзыреттілік тәсілді әзірлеуге сараптамалық және техникалық көмек көрсету.

Индустриялды кеңестің негізгі міндеттері интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, инновациялық жабдықтарды жасау және енгізу, педагог кадрлардың зияткерлік әлеуетінің сапасын арттыру, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және сатып алу, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын енгізу, колледж имиджін ілгерілету болып табылады

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні ZOOM платформасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Индустриялды кеңесінің алғашқы онлайн отырысы өтті. Оның құрамына өнеркәсіптік, білім беру салаларының әлеуметтік серіктестерінің өкілдері және колледж өкілдері кірді.

Индустриялды кеңестің онлайн отырысында колледж таныстырылымы өткізілді, сондай-ақ соңғы бес жылдағы колледж жұмысының қызметі таныстырылды.

Колледж директоры Тюлебаев А.Ж. Индустриялды кеңестің барлық мүшелерін «Индустриялды Кеңес туралы Ережемен» және Индустриялды кеңестің 2020-2021 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырды.

Таныстырудан кейін Индустриялды кеңестің Төрағасын, төрағасының орынбасарын және хатшысын сайлау бойынша дауыс беру өткізілді, сондай-ақ педагогикалық пәндер мамандықтары бойынша екі Комитет және азаматтық қорғау мамандықтары бойынша комитет құрылды.

Қорытынды шығару барысында Индустриялды кеңес мүшелерінің оның жұмысын одан әрі бағыттау туралы пікірлері айтылды.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Актаев А.Ж.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp