2021 жылдың 24 ақпанында онлайн режимінде ZOOM платформасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж. Шайхинаның және топ кураторларының қатысуымен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Кураторлар кеңесінің отырысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер болды:
- «Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу»;
- «ҚР-дағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы»;
- «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу»;
- «Кәмелетке толмағандар өз бетінше шығып кетудің алдын алу»;
- «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу».
Кураторлық кеңестің модераторы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж. Шайхина болды. Өз сөзін қазақстандықтардың өскелең ұрпағы позитивті жасампаз дүниетанымы, берік адамгершілік негіздері, жауапкершілік сезімі, саналы таңдау жасау және отан игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдау қабілеті бар жан-жақты тұлғалармен тәрбиеленуі тиіс екендігінен бастады. Барлық кураторларға кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары үшін заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы түсіндірді. Студенттердің ата-аналарының қоғамдық орындарда темекі шеккені және кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жауапкершілігіне көп көңіл бөлінді. Ол заңсыз теріс қылық жасаған студенттерді колледжде ішкі есепке қою қандай ретпен жүргізілетіні және жасөспірім қандай жағдайда есептен шығарылатыны туралы айтты. Кураторлар кеңесінің мүшелері, тәжірибелі педагогтар арасынан кураторларға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Шайхина Г.Ж.