АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 11:36

«VOLONTER Life» аясында волонтерлерге арналған семинар-тренинг

2021 жылғы 15 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің еріктілеріне арналған Жастар ресурстық орталығының базасында «VOLONTER Life» шеңберінде семинар-тренинг өтті. Ол командалық жұмысты пысықтауға және ұжымның ауызбіршілігін арттыруға бағытталды.

«Ұйымшылдық - бұл топ үшін нақты мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін біртұтас болу мүмкіндігі. Сіздің ортақ мақсаттарыңыз бар - осы колледжде оқу, жақсы білім алу, волонтерлік қызмет, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету! Осы мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін сізге қолдау қажет және сіз оны өз тобыңызда, еріктілер қозғалысының кездесулерінде, игі істер жасай отырып алуыныз мүмкін! Тек ұйымшыл ұжым ғана көптеген шыңдар мен жеңістерге қол жеткізеді!»