АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 26 Сәуір 2016 06:37

Жас педагогтар арасында «2-санатты шебер ұстаз» атты сайыс

   21.04.16. Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде оқытушылар Арапова Гүлсім Балшаевна және Рахметова Раушан Зайнулкабиденқызы жас педагогтар арасында «2-санатты шебер ұстаз» атты сайыс ұйымдастырып өткізді. Сайыстың мақсаты жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі кәсіби жетілдіру болып табылды. Сайысқа  Айдаркулова Гулнар Курбановна, Адикен Мейрбек Маралбекович, Бейсембаева Гулбану Асановна, Бейсембаева Самал Аманжоловна, Ибраев Токболат Сайдалиевич, Касимова Мрал Даулетовна, Наурызбай Алемгуль Темиржановна, Усина Самал Серниковна  оқытушылары  қатысты.

   Қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінде шығармашылық қабілеттерін айқара ашып, өздері жайлы қызықты, әрі мазмұнды презентация ұсынды. Презентацяларда педагогикадағы алғашқы қадамдары, кәсіби қалыптасу жолы және оқытушының күрделі еңбегіндегі жеткен жетістіктері туралы паш етті. «Педагогикалық жағдаяттарды шешу» кезеңінде топ ұжымымен,  жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын  көрсетіп,  ұтымды да ұтқыр ойларын ортаға салды. «Шығармашылық» кезеңінде әр сайыскердің жеке шығармашылығы, орындау шеберлігі, артистік қабілеті, мазмұнды сөйлеу өнері, және соның барлығын көрсету ерекшеліктері бағаланды. «Дәм - думан» кезеңінде дайындап алып келген тағамдарын  қалай жасағанын айтып, қорғау керек болды. «Fashion» кезеңі сайыстың соңғы сәті болды. «Минимализм 2016» эксклюзивтік  коллекцияның ерекшелігі - оның  қарапайымдылығында. Біз оқытушыларымызды мақтан тұтамыз, олардың сарқылмас педагогикалық шығармашылық еңбектеріне қуанамыз.

   Жас ұрпақтарға сыйлаған мөлдір ойлары үшін алғысымызды білдіре отырып, қатысушыларға жеке өмірлеріне және кәсіби еңбектеріне табыс тілейміз.

   Рахметова Р.З., Арапова Г.Б.