АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Ақпан 2021 06:28

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндігіне арналған «Махаббатқа толы жүрек» тақырыптық сабағы өткізілді.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 4 ақпан күні ТЖ-11В тобының қатысуымен «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндігіне арналған  «Махаббатқа толы жүрек» тақырыптық  сабағы өткізілді.

Іс-шара мақсаты туыстар мен достар арасында мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық, өзара көмек беру және рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу болып табылады.

Сабақ барысында «Махаббатқа толы жүрек» атты тақырыбында тренингтер, ойындар, өлеңдерді мәнерлеп оқу өткізілді. Іс-шара соңында білімалушылар «Махаббат менің жүрегімде» тақырыбына эссе жазып, топ ішінде бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Рефлексия кезеңінде білімалушылар адам және жалпы адамзаттың өміріндегі ең басты құндылық – ол сүйіспеншілік екенін сезінді.

Амиртай С.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp