АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 26 Сәуір 2016 05:01

Көкшетау қаласы мен оның өңіріндегі колледж білім алушыларының экономика пәнінен олимпиада

     2016 жылы 21 сәуірде «Көкше» Академиясында Көкшетау қаласы мен оның өңіріндегі колледж білім алушыларының экономика пәнінен олимпиада өтті.

Олимпиадаға азаматттық қорғаныс қөпсалалы колледжі, «Арна» колледжі, қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі және Степногорск қаласындағы колледжі қатысты. Олимпиаданы өткізудің мақсаты-экономикалық теорияны зерттеу жұмыстарымен айналысатын талапты білім  алушыларды таба білу және оларды қолдау. Біздің коледжден «КИТ» тобы   Габбасова С, Кондратюк Е. (УиА- 32) және Таттыбаева А.(УиА- 22) қатысты.Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1.Сәлемдесу және топ презентациясы.Топтың аталуы,сырт түрі және топ белгісі бағаланды.

2.Екінші кезеңде әр қатысушының экономикалық теориядан білімін тексеруге тест жүргізілді.

3.«Сен маған, мен саған» тақырыбында алдын ала экономикалық терминдерге ребустар дайындалды.

4. «Экономистер тобы» әр топқа экономиканың Нобель лауреатының, Қазақстандық ғалым экономистерінің фотосы берілді.Фото бойынша бейнені танып,олардың өмірлері, экономикаға енгізген еңбектері және марапаттары жайлы толық әнгімелеу керек болды.

5. Бесінші кезең «Топ басшысынының интеллектуалды сайысы» деп аталды. Колледж білім алушылары барлық кезеңде белсене қатысып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Колледж білім алушыларының экономикадан жыл сайынғы өнерлік олимпиадасы олардын зерделігін көрсетуге, өз қабілеттері мен дағдыларын бағалауға, Республика қалаларындағы басқа колледж білім алушыларымен танысуға мүмкіндік туғызады.

     Кайникенова А.Б.